Үкіметтің қаулысымен Ербол Қарашөкеев жаңа қызметке тағайындалды. Ол еліміздің қаржы вице-министрі болды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол ҚР Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болған.
Ербол Шырақбайұлы Қарашүкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заманғы гуманитарлық институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілік — экономист. Бакалавр академиялық дәрежесі — менеджмент саласындағы маман, экономика магистрі, құқық бакалавры дәрежесін алған.
Еңбек жолын 1998 жылы Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің талдау және нарықтық зерттеулер департаментінің бас маманы болып бастады. 1999-2001 — Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты болды.
2001 жылдан 2003 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
2003-2006 жылдары – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Қаржы департаментінің директорының м. а., директоры – басқарма мүшесі. 2006-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаментінде жұмыс істеді.
2007 жылғы қаңтар-шілде аралығында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
2007-2009 жылдары — «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.
2010-2012 жылдары — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» РМК директоры.
2012-2013 жылдары — «ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС бас директоры.
2013-2016 жылдары — «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2016-2019 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019 жылғы қаңтар-сәуір аралығында — ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.
2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы наурызға дейін — «ҚазАгро» холдингі» АҚ басқарма төрағасы.
2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі орынбасарының м. а.