Еуроодаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлері Украинаға кезекті көмек траншын бөлуге дауыс берді
Еуроодақ басшысы Шарль Мишель ЕО кеңесі Украинаға 500 млн еуро көлемінде әскери көмектің бесінші траншын бөлуді мақұлдағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
«ЕО СІМ басшыларының Украинаға бесінші транш бойынша шешімін құптаймын. Енді Украинаның Қарулы Күштеріне қару-жарақ пен құрал-жабдықтарды жеткізуді қарастыратын ЕО көмегінің жалпы көлемі 2,5 млрд еуроға жетті», — деп атап өтті Мишель.