Енді Назарбаевтың ҚР-да ерекше мәртебесі жоқ: заң күші жойылды

Қазақстанда еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың бұдан былай ерекше мәртебесі жоқ. «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті — Елбасы туралы» Конституциялық заңның ресми түрде күші жойылды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 4-тармағын конституциялық заңдар Конституцияда тікелей көзделген мәселелер бойынша қабылданады, бірақ бұл Конституция мәтінінде осындай деп аталған конституциялық заңдар онымен түбегейлі анықталған дегенді білдірмейді деп түсіну керек. Осы деңгейдегі заңнамалық актілерден олардың реттеу мәселелері Қазақстан Республикасының Конституциясынан алынып тасталған конституциялық заңдар шығарылып тасталуы тиіс.

2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда білдірілген, Қазақстан Республикасының Конституциясынан 46-баптың 4-тармағы мен өзге де нормаларды алып тастау туралы Қазақстан халқының еркіне негізделе отырып, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықта сақталуына құқықтық негіздер жоқ, деп тану қажет, осыған байланысты оның күші жойылды деп танылуға жатады», — делінген Конституциялық соттың қаулысында.

Конституциялық Сот, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының дербестендірілген Конституциялық заңының әрекет етуінің конституциялық-құқықтық негіздерін және Конституциядан Республиканың тұңғыш Президенті туралы басқа да атап өтулерді алып тастаған 2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумнан кейін осы Конституциялық заңның қолданыстағы заңнамада сақталуы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңаланған редакциясымен келіспейді, деп пайымдайды.

Сонымен қатар, заң күшін жоғалту Назарбаевты қылмыстық қудалаудан иммунитеттен айырмайды — бұл норма Конституцияда жазылған.

Добавить комментарий