Батыс өңірлердің тұрғындары үшін «Nur Otan» сайлауалды бағдарламаларын ұсынды

«Nur Otan» партиясы қазақстандықтарды әрбір өңірді, қала мен ауданды 5 жылға дамытудың негізгі басымдықтарымен таныстыруды жалғастыруда. primaries.kz сайтында 216 сайлауалды бағдарламаның жобалары ұсынылған.

Осылайша, Ақтөбе облысының сайлауалды бағдарламасының жобасында жыл сайын кем дегенде 20 мың жаңа жұмыс орнын ашу және 2025 жылға қарай орташа жалақыны кем дегенде 200 мың теңгеге дейін арттыру міндеті қойылады. Жыл сайын кемінде мың адамды қайта даярлау, кемінде екі мың адамды қысқа мерзімді оқыту және шетелдік жұмыс күшіне квотаны қысқарту жүргізіледі. Облыс халқының 29%-ы ауылдық жерлерде тұратынын ескерсек, өңірде екі жылыжай кешенін, екі тауарлы сүт фермасын, құс фабрикасын салуды және ІҚМ санын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес түрлерін дамытуға — ара шаруашылығы, марал шаруашылығы, жидек дақылдарын өсіруге ерекше назар аударылатын болады. Өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту үшін облыстық маңызы бар автожолдарды, сондай-ақ аудандық маңызы бар 2350 км жолдарды салу және реконструкциялау жоспарлануда.

Бұл шаралар 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 56%-дан 85%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту мақсатында партия Ақтөбе хром қосылыстары зауытының технологиялық жабдықтарының шаң-тозаң және газ тазарту қондырғыларын реконструкциялау және 2021 жылы 9 ҚТҚ полигонын салу міндетін қойды.

Өңірде әлі күнге дейін үш ауысымды мектептер жұмыс істейді. Білім сапасын арттыру үшін 16 жаңа мектеп салынады. Жалпы, 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту 2025 жылға қарай 86%-ға дейін жеткізу жоспарлануда, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында 2021 жылы 150 орындық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығын және 2022 жылы спорт кешенін салу жоспарлануда.

Батыс Қазақстан облысының сайлауалды бағдарламасы жобасының деректері бойынша өңірде заманауи технологияларды енгізу және өндірістің жаңа түрлерін игеру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру бойынша жұмыс жалғасады. Партия сүт кешенін салуды, бордақылау алаңдарын 27, суармалы алқаптарды 56 мың гектардан 85,0 мың гектарға дейін кеңейтуді ұсынады.

Жалпы ауыл шаруашылығында 33 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл шаралар шамамен 10 мың шаруаны кешенді қолдаумен қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, партияда коронавирус пандемиясынан зардап шеккен экономика секторларының іскерлік белсенділігін қалпына келтіруге көмектеспек.

Өңірде жыл сайын «Қарапайым заттар экономикасы», «БЖК-2025», «Еңбек» және т.б. бағдарламалар бойынша кем дегенде жеңілдікті кредиттер берілетін болады. Жыл сайын кемінде 7 мың жастар жұмысқа орналасады. Сонымен қатар, 800 шақырымнан астам жол жөнделеді, 59 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталады, 73 елді мекенде сумен жабдықтаудың кешенді блок-модульдері орнатылады. Жыл сайын өңірде 480 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, сұрыптау желілері бар ҚТҚ полигонының 2 іске қосылады.

Бүгінгі таңда облыс тұрғындарын толғандыратын маңызды мәселелердің бірі газ тарифінің жоғары болуы (халық үшін 17,24 теңге/м3) болып табылады. Тарифті төмендету мақсатында «Nur Otan» партиясы Орынбор МӨЗ-ден алынатын табиғи газдың құнын төмендету бойынша ҚР мен РФ Үкіметтері деңгейінде келіссөздер жүргізу міндетін қойды.

Сондай-ақ, халық пен кәсіпкерлер арасындағы тарифті саралау мәселесі қаралады. Денсаулық сақтау саласындағы қызмет сапасын арттыру үшін партия 2 емхана, ауруханаларға 3 корпус салуды жоспарлап отыр.

Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында партиялықтар 21 жалпы білім беретін мектеп салу, сондай-ақ мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйелерімен 100% жабдықтау бойынша міндеттер қойып отыр.
Маңғыстау облысының сайлауалды бағдарламасының жобасында өңірдің даму резервтерінің бірі Ақтау, Құрық теңіз порттары және «Ақтау теңіз порты» АЭА, сондай-ақ Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы индустриялық аймақтар болып табылады. Партия мұнай өндіру көлемін сақтауды қамтамасыз етуге, шетелдік инвестицияларды тартуға және «Ақтау теңіз порты» АЭА инженерлік инфрақұрылымын құруды аяқтауға ықпал ететін болады. Тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін қалаларда 48 көппәтерлі үй және облыс аудандарында 89 үй салынады.

Партия Ақтау қаласындағы жаңа онкологиялық диспансердің және Жаңаөзен қаласындағы қалалық аурухананың терапевтік корпусының құрылысын аяқтауға, ауылдық елді мекендерде 7 отбасылық-дәрігерлік амбулатория салуға қол жеткізеді. 3 ауысымдық оқытуды жою үшін қалалар мен аудандарда 20 жаңа мектеп салу, жұмыс істеп тұрған мектептерге жапсарлас құрылыс салу, үйде қашықтықтан оқыту жүргізу үшін аз қамтылған отбасылардың балаларын компьютерлік техникамен кезең-кезеңмен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Атырау облысында 5 жыл ішінде 103 мың жаңа жұмыс орны ашылады, Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 141 жобаға қайтарымсыз гранттар беріледі. Аймақ тұрғындарын алаңдататын экология мәселелері белсенді шешілетін болады. Мысалы, мұнай-газ кәсіпорындарында онлайн-режимде атмосфералық ауаны бақылау жүйесі орнатылады.

Сондай-ақ, 3,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу, 300 км жуық автомобиль жолдарын жөндеу, 63,5 км су құбыры желілерін салу, Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылындағы су тазарту құрылысын қайта жаңарту жоспарлануда.

Сапалы білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 9 жаңа мектеп пен 56 балабақша салынады. Өңірде өнер мектебі, музыка мектебі және оқушылар сарайы ашылады. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету үшін жыл сайын кемінде 5 мың жастарды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Партия 6 студенттік жатақхана салу міндетін қойып отыр. «Елордада Мәжілістің жалпы отырысы өтуде.

 

Добавить комментарий