Полицейлер пышақ жарақатымен ауруханаға жатқызылған кәмелетке толмаған балаға пышақ жарақатын салған күдіктіні ұстады
Оқиғаның мән-жайы
«3 тамызда түнде белгісіз адамдар пышақ жарақатын алған 16 жастағы жасөспірімді ауруханаға жеткізді», — деп хабарлайды Ақтөбе облысының ПД өкілі.
2005 жылғы күдікті ұсталды.
Полицейлер анықтағандай, екі кәмелетке толмаған баланың арасында дау-дамай туындап, соның салдарынан біреуі екіншісіне пышақ жарақатын салған.
Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі «Қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Болған оқиғаға себеп болған жағдайларды анықтау мақсатында тексеріс жүргізіп жатыр.
«Егер алдын алу жұмыстарына отбасы мен жақын адамдары тартылса кәмелетке толмаған балалардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға болады. Отбасы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың ерте алдын алу жүйесінде маңызды элемент болып табылады. Жас буынды саналы азамат ретінде тәрбиелеуде отбасыға үлкен рөл жүктеледі», — деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.