Елордалық полиция наразылық білдірген мұнайшылардың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Астана полициясы елорданың Дөңгелек алаңында наразылық акциясын өткізген мұнайшылардың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Олар полиция учаскесіне жеткізілді, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Жаңаөзен тұрғындары олардың ұсталуына байланысты қарсы шығып, Астанада ұсталғандарды босатуды талап етті.

Сондай-ақ, Жаңаөзен автостанциясында «Бұрғылау» компаниясының жұмысшылары елордада ұсталған мұнайшыларды босатуды талап етті. Кеше Астанада жаңаөзендік жұмысшылар наразылық акциясына шығып, «Өзенмұнайгаз» АҚ штатына жұмысқа орналастыруды талап еткен, артынан оларды қамауға алды.

Добавить комментарий