Елімізде болған тәртіпсіздікке Қазақстанда тыйым салынған «Йакын Инкар» мүшелері қатысты

27 қаңтарда Бас прокуратура Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи Жамаат» экстремистік ұйымының негізінде құрылған «Йакын Инкар»* ұйымының заңсыз қызметін анықтады.

Ұйымның мақсаты жекелеген елде, соның ішінде Қазақстан аумағында конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, егемендікті бұзуды болжайтын «халифат» құру.

«Аталған ұйымның ізбасарлары қақтығысқа алып келетінін біле тұра басқа діндерді үзілді-кесілді жоққа шығарады, бұл діни экстремизм ұғымына жатады», — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан Сарыарқа аудандық сотының 10.04.2018 жылғы үкімімен «Йакын Инкар» мүшесі болған Қазақстанның жекелеген тұлғалары еліміздің аумағында экстремистік әрекет еткені үшін бас бостандығынан айырылды

Ведомствода хабарлағандай, қылмыстық істер аясында аталған ұйым мүшелерінде Қазақстан аумағында топтар құрмақ болғаны анықталған.

Осы негіздер бойынша «Йакын Инкар» ұйымы Қырғызстанда экстремистік ұйым деп танылды.

«Осыған байланысты Астана қаласының прокуратурасы «Прокуратура туралы» Заңда көзделген өкілеттікпен, «Йакын Инкар» ұйымын экстремистік деп тану туралы сотқа арыз берді. Нұр-Сұлтан Есіл аудандық сотының 2018 жылғы 10 қазандағы шешімімен осы арыз қанағаттандырылды», — деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сот «Йакын Инкар» ұйымын экстремистік деп танып, оның қызметіне Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, оның ішінде ақпараттық материалдарды тарату және бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін, әлеуметтік желілерді, мессенджерлер мен бейне-хостингтерді арқылы таратуға тыйым салды.

«Құрметті азаматтар, Бас прокуратура сот шешімінен кейін «Йақын Инкар» экстремистік ұйымының әрекетіне кез келген қатысқаны және қаржыландырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін түсіндіреді», — деп ескертеді ҚР Бас прокуратурасы

Қатысу әрекетіне «Йақын Инкар» ұйымының идеясын үгіттеу және насихаттау, оның жарияланымдарын, парақшаларын, посттарын, пікірлерін және басқа да ақпараттық материалдарын дайындау, шығару, көбейту және тарату жатады.

Добавить комментарий