Екібастұз: Көпқабатты тұрғын үйдің ауласында зейнеткерді көлік қағып кетті

Екібастұзда қайғылы оқиға орын алды: Көлік астында қалған зейнеткер қайтыс болды.

Қаладағы аулалардың бірінде 32 жастағы ГАЗ-33021 маркалы көліктің жүргізушісі артқа қарай жүрген кезде, 71 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды, бірақ өкінішке қарай, кешкісін алған жарақатынан қайтыс болды.

Қазіргі таңда жүргізушінің көлігі айыппұл тұрағына қойылды, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі азамат 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жыл басынан бері Павлодар облысында 96 ЖКО тіркеліп, 11 адам қаза тапты, 138 адам жарақат алды.

Осындай жағдайларды болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін сақтау маңызды.

Добавить комментарий