Нұр-Сұлтан қаласының ССКД инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ақмарал Мейірманова елдегі қолайлы эпидемиологиялық жағдай жоспарлы вакцинация нәтижесінде қол жеткізілді деді. Ол иммундаудың маңыздылығы туралы айтып, ата-аналарға балаларын вакцинациясыз қалдырмауды, олардың денсаулығына қауіп төндірмеуді сұрады.
Иммундау елде көптеген қауіпті инфекциялардың таралуын болдырмауға мүмкіндік берді. Қызылша, көкжөтел және эпидемиялық паротит егілмеген жасөспірімдер мен ересектерде жекелеген жағдайлар түрінде тіркеледі. Балаларға профилактикалық екпе салдырудан бас тартып, бүгінде осындай инфекциялар болмағандықтан, екпе алу қажеттілігі жоқ деп алға тартады. Халықты вакцинациялау бойынша шаралар қабылданды және адамдардың басым бөлігі екпе салдырғандықтан инфекция жоқ.
Бүгінде елімізде басқа аумақтардан келгендерді 12 инфекцияға қарсы тегін вакцинациялау жүргізілуде. Бұл дифтерия, сіреспе, көкжөтел және т.б. аурулардан сақтайды.
«Мемлекеттік қолдаудың арқасында жұқпалы ауруларды жою және азайту халықты, ең алдымен балаларды жоспарлы вакцинациялау нәтижесінде орын алды», — деді эпидемиолог Ақмарал Мейірманова.
Ол Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен, ДДСҰ стандарттарына сәйкес келетін халықаралық сертификаттары бар, практикада сыналған вакциналарды қолданатынын түсіндірді.
«Вакцинациядан кейінгі кезеңде асқынулар байқалмайды, кейде жекелеген вакцинацияларда пайда болатын жеңіл реакциялар аталмыш аурудың өзінен әлдеқайда жеңіл өтеді. Нұр-Сұлтан қаласында қызамық, сіреспе, полиомиелит, туляремия, құтыру аурулары тіркелмеген, ал дифтерия 15 жылдан астам уақыт бойы анықталған жоқ. Қызылша, көкжөтел және эпидемиялық паротит егілмеген жасөспірімдер мен ересектерде жекелеген жағдайлар түрінде тіркеледі», — деді Ақмарал Мейірманова.
Алайда, халықтың қарқынды көші-қон процестерінің қазіргі жағдайында эндемиялық елдерден (Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан) жабайы полиомиелит вирусын, қызылша вирусын, пандемиялық тұмауды және басқа да жұқпалы аурулар қоздырғыштарын кез келген елге, оның ішінде Қазақстан Республикасына әкелу қаупі бар. Осыған байланысты эпидемиолог иммундау жыл сайын миллиондаған адамның өмірін сақтап қалатынын және бұл жетістікті нығайтып, қолдау керек екенін еске салды.
«Соңғы 2-3 жылда иммунопрофилактиканың өзекті мәселелерінің бірі балаларда профилактикалық егуден бас тарту болып саналады: жеке сенімдері, вакциналарға деген сенімсіздік. Қазіргі уақытта өздері егілген көптеген жас аналар балаларына екпе салдырудан оңай бас тартады. «Егер бұл инфекциялар болмаса вакцинациялаудың қажеті қанша?» дегенге сілтеме жасайды. Яғни, біз жекелеген инфекцияларды жою ісінде өз жетістіктеріміздің құрбаны болдық. Интернеттегі, баспасөздегі жарнамалар және қоғамдық пікір вакцинация туралы теріс пікір қалыптастыруда рөл атқарады», — деп мәлімдеді Мейірманова.
Ол сондай-ақ ата-аналарға балаларын вакцинациясыз қалдырмау, олардың денсаулығына қауіп төндірмеу туралы өтінішін білдірді. Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда иммундаудың өзге баламасы жоқ. Ал вакциналаудан бас тарту қауіпті ауруларға қарсы күресте көп жылғы күш-жігер зая кетеді