Екібастұзда үш жасар бала қайнаған судан күйік шалу салдарынан қаза тапты. Жазатайым оқиға 29 қазан күні сағат 14:00-де орын алған, балалар әжесі мен атасының қарауында болған, ал баланың анасы бұл туралы кешкісін білген. Жедел медициналық көмек 30 қазанда сағат 02:25-те, оқиғадан 12 сағат өткен соң шақырылды.
Дәрігерлер келгенде баланың көз жұмғанын анықтады. Оның арқасын, аяғын, жамбасы тұсынан ауыр термиялық күйік шалды, күйік денесінің 40%-ын шалған. Дәрігерлер ата-аналар осындай жазатайым оқиғалар болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырады.