Екібастұз: Балабақшалар 19 желтоқсанда өз жұмысын бастайды

Екібастұзда 2022 жылғы 19 желтоқсанда мектепке дейінгі балаларға білім беру ұйымдары жұмысын бастайды.

«Барлық балабақшалар дүйсенбіден бастап (19 желтоқсан — ҚазТАГ) жұмысын бастайды. №1 және №24 мектептерден басқа мектептердің көпшілігі де жұмыс істейтін болады», — деп хабарлады Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин тікелей эфир барысында.

Екібастұздықтар жылу берілгеніне қарамастан, пәтерлеріндегі суыққа шағымданды. Бейсекин коммуналдық қызметтер қалада жылу беруді реттегенін, бірақ бұл мәселе «бір күнде бітетін іс» болмағандықтан, жұмыс әлі жүріп жатқанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 27 қарашада Екібастұзда жылу желілерінің тозуына байланысты жылу мен ыстық су беру тоқтатылды. 28 қарашада қалада ТЖ режимі жарияланды. Екібастұздықтардың көпшілігінің үйлеріне жылу 4 желтоқсанда ғана беріле бастады.

Добавить комментарий