Түрікменстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/10/speech-39881-1664974961-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

4 қазанда бейнеконференция форматында Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонусбаев және Түркіменстан сыртқы істер министрінің орынбасары Вепа Хаджиевтің төрағалығымен Қазақстан-Түркіменстан саяси консультациялары өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара аясында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты және көпжақты форматтарда ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективалары туралы жан-жақты пікір алмасты.

  • Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы қазандағы Ашғабатқа мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мен Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың 2022 жылғы қазандағы Қазақстанға мемлекеттік сапарына дайындыққа, сондай-ақ түрікмен тарапының 6-шы АӨСШК саммитіне, ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесіне және «Орталық Азия — Ресей» саммитіне қатысуына ерекше назар аударылды, делінген хабарламада.

Консультациялардың қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жәрдемдесу үшін екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстардың жоғары деңгейін қолдауға уағдаласты.

Еске сала кетейік, маусым айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта болып, алтыншы Каспий саммитінің жұмысына қатысты. Мемлекет басшысы сондай-ақ Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесу өткізді.

Добавить комментарий