eGov.kz сайтының жұмысы қалпына келтірілді

Бүгін «Электрондық үкімет» порталы мен оның мобильді қосымшасы жұмысында ақау болды. Цифрлық үкіметтің жұмысы толық көлемде қалпына келтірілді. Портал мен оның қосымшасы ақаусыз жұмыс істейді.

EGov порталы мен eGov mobile қосымшасының жұмысы қалпына келтірілд, деп хабарлады «ҰАТ» АҚ қоғаммен байланыс басқармасы.

Ұйымдағылар түсіндіргендей, мемлекеттік органдардың серверлік орталығының инфрақұрылымындағы ақау салдарынан пайдаланушылар деректер базасы мен порталдың жекелеген компоненттерінің дұрыс істемеуін байқады.

«ҰАТ» АҚ қызметкерлері электрондық үкімет компоненттері мен мемлекеттік деректер базасын қалпына келтіру бойынша барлық қажетті жұмыстарды жүргізді. Сонымен бірге орын алған ақауларға талдау жүргізіліп жатыр. Электронды үкіметтің ақпараттық жүйелеріндегі кез келген ақау ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс жайты ретінде тіркеледі.

Акционерлік қоғамның басшысы қазақстандықтардан «Электронды үкімет» қызметінің уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Қазір мамандар мәселені толық шешу үшін жұмыс істеуде, барлық сервистердің жұмысы жақын арада толық қалпына келтіріледі.

Добавить комментарий