Алматылық полицейлер Алматыдағы көпірлердің бірінен секірмек болған егде жастағы ер адамды құтқарды.
Оқиға Жетісу ауданында болған. Патрульдік полициясының экипажы өзін оғаш ұстаған адамға назар аударды. Ол Солтүстік айналма көшесіндегі жүріс бөлігіндегі көпірден секірмекші болған.
Тәртіп сақшылары жедел түрде қызметтік көлікті кері айналдырып, оған қарай жақындады. Патрульдік полицейлердің бірі көпірлен секірмек болған ер адамды құтқарып қалды. Кейінірек полицейлер бірнеше секунд ішінде қимылдау керек болғандығын айтты.
- Мен көліктен жүгіріп барғанымша, бұл адам бір аяғын көпірдің қоршауынан асырып үлгерген. Бірақ, мен оның шалбарының белбеуінен ұстап, өзіме қарай тартып алдым, — деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция Полкінің қызметкері, полиция аға лейтенанты Абылайхан Оқас.
Тергеу барысында белгілі болғандай, бұл — шамамен 63 жастағы қарт адам. Ол жол жиегіне отырып, қатты жылай бастады. Оны отбасы тастап кеткен және ол өмірдің мәнін көрмеген болып шықты. Болған оқиға туралы жедел кезекшіге хабарлап, ер адамды Жетісу аудандық полиция Басқармасына жеткіздік. Оған бірінші кезекте психологиялық көмек көрсетілді
Ер адамды құтқарған екінші полиця зықметкерінің есімі Ерлан Шаяхмет, ол патрульдік полиция полкінде лейтенант шенінде қызмет етеді.