2021 жылдың 19 қыркүйегінде Ресей Федерациясында Мемлекеттік Дума сайлауы өтеді. «Единая Россия» партиясы сайлауға дайындықты бастап кетті және Мәскеуде сайлаушылардың кемінде 40% дауысын жинауды жоспарлап отыр, осылайша 2016 жылы тіркелген нәтижені 38%-ға жақсартады.
«Единая Россия» Кремльдің саяси бағытын қолдайды және РФ президентіне, оның қарамағындыларға және Ресей үкіметіне ең жақын саяси күш — «билік партиясы» ретінде сипатталады. Ресейдегі аймақ басшыларының басым көпшілігі — губернаторлар, әкімшілік пен билік басындағылар, республика президенттері — «Единая Россия» партиясының мүшесі, әлде осы партия ұсынған адам.
«Единая Россия» үшін сайлаушылардың 40% дауысын жинау үшін Мәскеуде 1 млн-нан астам адам өз таңдауын жасау керек, яғни әрбір 7-ші сайлаушы осы партияға дауысын беруі тиіс, сол үшін партия өкілдері елордалық бір мандатты округтердің көпшілігінде адамдарды өз жағына қарата алуы керек. Партия осындай нәтижеге қалай қол жеткізуді жоспарлап отыр?
- Популизмнің көмегімен. ТКШ саласындағы белсенділермен жұмыс істеу, күн тәртібіне күрделі жөндеу және қайта жаңғырту мәселелері енгізу, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық ойын-сауық шараларын ұйымдастыру үшін «аула жаттықтырушысы» жобасына ұқсас жобаларды іске қосу.
-
Әкімшілік ресурстың көмегімен. «Полный вперед» деп аталатын жүйе енгізіледі. Жүйенің мәні: қалалық кәсіпорындардың басшылары арнайы сайтқа тіркеліп, қызметкерлерге арналған QR-коды бар флаерлерді алады. Флаерді сайлау учаскесінде көрсету қажет, қай ұйымның қызметкері ең көп дауыс берсе, соларға жүлде беріледі. Басқаша айтқанда, электоратты заманауи жұмылдыру.
3, Оппозициямен күрес стратегиясы. «Единая Россия» партиясы «Ақылды дауыс беруге» қарсы күресетін болады. Ол үшін Единая Россия Telegram әлеуметтік желісінде жалған сайттар мен боттарды құруды жоспарлап отыр. Естеріңізге сала кетейік, «Ақылды дауыс беру» жобасы 2019 жылы Алексей Навальныйдың жақтастары сайлауда «Единая Россия» партиясын дауысынан айыру мақсатында әзірленген болатын. Партия таңдауын жасай алмаған сайлаушылар «Ақылды дауыс беру» ұсынған үміткерлерге бағдарлана алады деп есептейді.
Тексерілмеген ақпарат бойынша, әлеуметтік сауалнамаға сәйкес Мәскеуде «Единная Россия» рейтингі 20%-дан аспайды. Саяси күштің 40% дауыс жинауы мүмкін бе, қалай жинайды деген сұрақ жұмбақ күйінде қалып отыр. Ресей билігі ешнәрсені өзгертпейтіні бәрімізге айдан анық.