ЕАЭО елдерінің аумағында несие алуға болады

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері несиелік тарихты айырбастау мүмкіндігін көздейтін Келісім жасасуды жоспарлап отыр. 2021 жылдың соңына дейін құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесі Несиелік тарихты айырбастау туралы келісімнің жобасын 2020 жылдың қыркүйегінде қарағаны хабарланды. Ресей тарапынан келісім жобасы әзірленіп, Қаржы министрлігінің мүдделі ведомстволарымен 2020 жылдың соңында келісілді.

«Біздің азаматтар, заңды тұлғалар «бестіктің» барлық мемлекеттерінен несие ала алады. Ал банктер тиісінше қарыз алушылар туралы мәліметтерді тексере алады», — деп атап өтті Ресей үкіметінің басшысы.

Бұған дейін, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтар 2021 жылдың шілдесіне дейін ипотека бойынша қарызды төмендетуі мүмкін деп хабарланған болатын.

Добавить комментарий