Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Үкіметаралық кеңесін бейнеконференция режимінде өткізу туралы шешім қабылданды. Ол 4 желтоқсанда өтеді деп хабарланды.
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасы төрағасының көмекшісі Ия Малкина Facebook парақшасында хабарлады.
«4 желтоқсанда Үкіметтер басшыларының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді, бірақ бұрын жоспарланғандай әдеттегі форматта емес, бейне-конференц-байланыс режимінде болады», — деп жазды ол.
Бұған дейін ЕАЭО үкіметаралық кеңесін Мәскеуде өткізу жоспарланған болатын. Малкина үкіметаралық кеңес аясында 2025 жылға дейінгі стратегия, 2021-2022 жылдары жойылуға жататын одақтың ішкі нарығындағы алулар мен шектеулер тізбесін бекіту, сондай-ақ құрылыс саласындағы бірыңғай қызмет нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланатынын хабарлады.