Қазақстанда аналық ірі-қара мал тасымалдауға тыйым салынды

Қазақстанда аналық ірі-қара малын елден шығаруға тыйым салынады, екі министрлік бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Хабарламада айтылғандай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі мен ҚР Қаржы министрі 2021 жылғы 1 қазандағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын экспорттаудың кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге алып шығуға тыйым салынған тауарлардың тізбесі бекітілсін, — делінген құжатта.

Бұйрық 2021 жылғы 15 қазаннан бастап күшіне енеді.

Добавить комментарий