Қазақстан қор биржасында (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа алынған бағамы 1-15 теңгеге төмендеп, 419-03 теңгені құрады.
Айырбастау пункттерінде долларды 418-420,5 теңгеден сатып алады/сатады, еуро — 509-512 теңге, Ресей рублі — 5,71-5,78 теңге.
Бұл ретте, мұнай бағасы әлемнің жетекші биржаларында айтарлықтай көтерілді.
Осылайша, ақпан айында Лондондағы Inter Continental Exchange (ICE) — ICE Brent Crude Futures-қа жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа өлшемді құны барреліне $50,25 (+ 1,39) құрады.
New York Mercantile Exchange-та (NYMEX) қаңтар айындағы мұнай фьючерстерінің орташа өлшемді құны Light, Sweet Crude Oil келісімшартына барреліне $46,78 (+ 1,26) құрады.