Доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеп барады.
Күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,42 теңгеге төмендеп, 461,41 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 25 қаңтардағы ресми бағамы бір доллар үшін 461,88 теңгені құрайды.
Деректер бойынша, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа сараланған бағамы 461,42 теңге, сату бағамы 465,03 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 460,49 теңгеден сатып алып, 463,32 теңгеден сатады.