Қазақстанның қор биржасында 2022 жылғы 2 наурызда доллар бағамы қайта өсті.
Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлағандай, сағат 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа алынған бағамы 6,68 теңгеге көтеріліп, 492,21 теңгені құрады.
Ақша айырбастау пункттерінде америкалық валютаны 492 теңгеден сатып алып, 498 теңгеден сатады, еуро — 543-555 теңге, ресейлік рубль — 4,9-5,7 теңге.
2 наурыздағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы қымбаттап барады.
Сәуір айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне $108,52 құрап, 4,94%-ға өсті.
Мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 4,81%- ға — барреліне $110,02 дейін көтерілді.