Қазақстандық жүк көлік жүргізушілері Днепрде қалып қойды. Олар өз бетінше Украинадан шыға алмай отыр. Жүк көлік жүргізушілері Қазақстан үкіметінен көмек сұрап жүгінді.
Олардың бірі Роман Украинаның шығыс бөлігінде орналасқан Днепр қаласында, қазір ол жерде он жүк көлігі қалып қойған. Ол екі жылдан бері жүк көлігі жүргізушісі болып жұмыс істейді, негізінен Украина аумағына жүк тасымалдаумен айналысады. Роман 22 ақпаннан бері жүк күткенін, сол себепті Украина аумағынан кете алмағанын хабарлады.
«Мен WhatsApp-тағы топта бір жерге жиналу үшін мекенжай жібердім. Әзірге мұнда тыныш, (Днепр қаласында — ред.) атыс болып жатқан жоқ.
Алғашқы күндері төрт рет бомбалады. Қазір Қазір салыстырмалы түрде тыныш. «Атамекен» өкілі тізім жасап, ел басшылығына жеткізуге тырысуда, бірақ олардың қайда хат жазып жатқанын білмеймін. Олар «жасыл дәлізге» қол жеткізуге тырысып жатыр. Әзірге «жасыл дәліз» ашу мүмкін емес деп есептеймін, себебі әлі де атыс болып жатқаны естіледі. Ара-тұра Харжьков жақтаатыс болып жатқаны естіледі», — деді Роман Бушуев.
Оның мәліметінше, Харьковта тағы екі қазақстандық жүк көлігі тұр.
«Кеше кешке олардан бомбадан қорғану аумағына баруды сұрады, олар түнгі 12:00-ге дейін сол жерде отырды. Олар шамамен 20 шақырым қашықтықта бомбалағанын айтады. 12:00-ден кейін бәрі тынышталып, көлікке ұйықтауға кетті. Бүгін тыныш, дүкенге нан, азық-түлік алып жатыр», — деді қазақстандық.
Роман Бушуев 26 ақпандағы жағдай бойынша «Атамекен» ҰКП тізімінде 50 жүргізуші туралы деректер болғанын атап өтті. Ол қазақстандық тараптың көлік жүргізушілері туралы ақпарат жинауға тырысып жатқанын білмейтіндер болуы мүмкін деп деп отыр.
«Біз «Атамекеннен» ресми жауап күтеміз, бізді шығара аламыз десе айтамыз десе — күтеміз. Егер шығара алмаса, өз күшімізбен шығып көреміз. Бірақ бұл мүмкін емес. Беларуське дейінгі ең жақын шекара 850 шақырым, Польшаға дейін 1000 шақырым. Қазір бүкіл Украина арқылы қауіпті аймақ арқылы жүру мүмкін емес. Күтеміз», — деді ол.
Бұған дейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдарға қазақстандық жүк көлік жүргізушілерінің Украинадан қауіпсіз шығуын ұйымдастырун сұраған болатын.
ҰКП Украинадан шыға алмайтындарға өз деректерін +7 778-870-1432 нөміріне (ҰКП call-орталығына) жіберуге шақырады.
Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП Украина аумағында және Беларусь, Ресей және басқа мемлекеттермен шекарада тұрып қалған көліктердің тізімін жинау туралы ақпарат түрлі әлеуметтік желілерде жарияланды.