Дмитрий Кулеба: Киевке жеткізілетін ДАРЖ көлемі өте аз

Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ұлыбритания мен АҚШ-тың Украинаға өте аз ДАРЖ жеткізілетінінін мәлімдеді.

Өткен аптада АҚШ билігі Украинаға 80 шақырымға дейінгі аралықтағы нысандарды жоятын HIMARS пен ДАРЖ және оларға арналған оқ-дәрілер жеткізуді қамтитын әскери көмектің жаңа пакетін бөлетінін жариялады.

Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба АҚШ пен Ұлыбритания Украинаға жеткізуді жоспарлап оырған дүркін ату реактивті жүйесін өте аз екенін және одан ешнәрсе өзгермейтінін мәлімдеді.

«Батыстағы кейбір серіктестеріміз бізде қару-жарақпен қиындық жоқ деп ойлайтын сияқты. Бірақ шын мәнінде олай емес», — деп сәрсенбі күні UNN агенттігі оның сөзін келтіреді. «Бізге жеткізілетін ДАРЖ-дың саны өте аз, бізге әлдеқайда көп керек», — деп толықтырды министр.

Өткен аптада АҚШ билігі Украинаға 80 шақырымға дейінгі аралықтағы нысандарды жоятын HIMARS мен ДАРЖ-ды және оларға арналған оқ-дәрілер жеткізуді қамтитын әскери көмектің жаңа пакетін бөлетінін жариялады. Бірінші партияда осындай төрт жүйе болады. АҚШ-тан кейін Ұлыбритания да Украинаға ДАРЖ жеткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Лондон сипаттамалары ұқсас америкалық өндірістің M270 қондырғыларын беруге ниетті. The Times газетінің хабарлауынша, әңгіме әзірге үш қондырғы туралы болып отыр.

Добавить комментарий