Грета Тунберг Марсты игеру бағдарламасын сынға алды

Швециялық экоактивист Грета Тунберг Марсты игеру жоспарын сынға алған сатиралық жарнамалық ролик шығарды.

Тунберг бастаған YouТube-тегі The Fridays for Future (FFF) халықаралық климаттық науқанында сатиралық жарнамалық ролик жариялады, онда жердегі барлық қиындықтарын тастап, жаңа өмірді бастағысы келетін адамдарды күтіп тұрған Марсты ғажайып пейзаждармен әрі әсерлі ландшафттармен «адам аяғы баспаған жер» ретінде көрсеткен.

“Біз ретрофутуристік және насихаттық жанрдағы арандатушылық және әсерлі фильм жасауға тырыстық”, — деп мәлімдеді видео түсіруге атсалысқан FRED & FARID жарнама агенттігі.

Тунбергтің айтуынша, Марсты отарлау туралы әңгімеге қарамастан, бұл опция өте аз адамдар үшін ғана қолжетімді болады, ал Жер бетінде “проблемалар жетерлік”. Белсенді ғарышты зерттеуге миллиардтаған доллар жұмсап жатқан билік пен корпорацияларды бірінші кезекте климаттың өзгеруін тоқтатуға күш салуды шақырды.

Бейнеролик NASA өзінің Perseverance марста жүретін құрылғысын сәтті қондырған Марсқа арналған. Ұйым бұл миссияны Қызыл ғаламшарды зерттеудегі шешуші және маңызды жұмысы екенін мәлімдеді.

Добавить комментарий