ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағабетов Қазақстанда диссертацияны енді онлайн-форматта қорғай алатынын айтты.
«Бізде диссертацияны қорғауды онлайн-форматта өткізуге мүмкіндік бар. Бұл – әлем бойынша кеңінен пайдаланылып жатқан тәжірибе. Пандемия кезінде Калифорниядағы Беркли университеті, Оксфорд, Кембридж, Гарвард, Сингапур Ұлттық университеті және басқа да оқу орындары алғашқылардың бірі болып диссертацияны қорғауды онлайн форматта өткізген еді», — деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook-те.
Министр өткен жылы жоғары оқу орындарындағы академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары нормативтік құжаттары бекітілгенін еске салды. «Ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар үшінші жыл қатарынан PhD дәрежесін өздері тағайындап, жеке үлгідегі дипломдар беріп жатыр.
Енді ұлттық жоғары оқу орындары докторанттардың жарияланымдарына өз шешімдері бойынша, қосымша, жоғары талаптар қою құқығы берілді», — деп толықтырды Асхат Аймағамбетов.