Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілердегі екі апталық локдаун туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде жақын арада Қазақстанда екі апталық локдаун жарияланатындығы туралы ақпарат белсенді таралуда. Пайдаланушыларды азық-түлік қорын толтырып алуға шақырады.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бірде-бір облыста бұл мәселелер көтерілмеген және таралып жатқан мәліметтерді жалған деп атады.

Хабарламада азық-түлік дүкендері де жабылады делінген. Тек дәріханаларға ғана штаттық режимде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл деректерді жоққа шығарды.

Бұл — жалған ақпарат. Бүгінгі таңда мұндай қатаңдату шаралары жоспарланып отырған жоқ. Бірде-бір облыста бұл мәселелер көтерілген жоқ, — деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сонымен қатар, ол қазақстандықтарға медициналық бетперде киіп жүрудің және әлеуметтік арақашықтықты сақтаудың маңыздылығын еске салып, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды ұсынды.

Добавить комментарий