Джозеф Байден пандемияның аяқталғанын хабарлады

АҚШ президенті Д.Байден коронавирус пандемиясының аяқталғанын хабарлады. Бұл туралы ол америкалық CBS телекомпаниясына берген сұхбатында айтты.

Мемлекет басшысы COVID-19 пандемиясының аяқталғанын жариялап, АҚШ бұл мәселеге қатысты жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Пандемия аяқталды. Бізде әлі де COVID қатысты проблема бар, біз әлі де көп жұмыс істеп жатырмыз… (Бірақ) байқаған боларсыз, ешкім де бетперде тағып жүрген жоқ», — деп баса айтты ол.

21 шілдеде Ақ үй баспасөз қызметінің ресми өкілі Карин Жан-Пьер Байденнің коронавирусқа тапсырған тест нәтижесі оң шыққанын мәлімдеді. Президентте белгілері жеңіл болды, ол қашықтықтан жұмыс істеді. Байден COVID-19 белгілері жеңіл екенін және жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

 

Добавить комментарий