Қазақстанда вирустық инфекцияның таралу қаупі бар маусым басталды. Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық шара ретінде тұмауға қарсы вакцинациядан өтуді ұсынады. Ведомство басшысының өзі Гриппол + препаратымен егілді.
Тұмауға қарсы қарсы вакцина елдегі алғашқылардың бірі болып ДСМ басшысына салынды. Ол үшін Алексей Цой елордалық емханалардың бірінде болып, тұмауға қарсы екпе алды.
Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, ресейлік «Гриппол +» вакцинасы барлық қажетті зертханалық сынақтар мен сапа бақылауынан өтті.
«Күзгі кезең әрқашан тұмау мен ЖРВИ ауыруымен қауіпті. Эпидемиологиялық маусымда (2019-2020жж.) елімізде 431 120 ЖРВИ жағдайы тіркелді, оның ішінде 2,5 астам зертханалық расталған тұмау жағдайы. Оның ішінде 284 033 немесе 61,4% — 14 жасқа дейінгі балалар. Биылғы жылы халықты вакцинациялау аса маңызды, себебі коронавирус пандемиясы жағдайында сырқаттанушылық көбеюі мүмкін, сол кезде бізге жағдайды тұрақтандыру тұру соғады. Сондықтан бұл жолы біз халықты вакциналауды екі апта бұрын бастаймыз», — деді Алексей Цой.
Министр жыл сайын тұмауға қарсы екпе алатынын атап өтті. Ол қазақстандықтарды екпені уақытында алуға шақырды.
«Бірнеше жыл бұрын вакцинация кезінде респираторлық ауруға шалдықтым. Осылайша, мен жыл сайын екпе аламын, негізінен өзімді жақсы сезінемін. Егер ауырсам да, жеңіл өтеді», — деді Цой.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Қазақстанда маусымдық тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйектен басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады. Бірыңғай дистрибьютормен вакцинаның 2 млн дозасы сатып алынды.