Өзін-өзі жариялаған Донецк Халық Республикасының басшысы Денис Пушилин Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ басшысы Джозеф Байденмен кездесуіне қатысты пікір білдірді.
Денис Пушилин Вашингтондағы кездесу Донбасста бейбітшілік орнатуға ықпал етпейтінін мәлімдеді.
«Бұл кездесу [Зеленский мен Байден] бейбітшілік орнату үшін болған жоқ. Ол Украинаны, оның ішінде сот жүйесін АҚШ-тың сыртқы басқаруына беру жайлы болды. Мұның бәрі реформалардың арзан реформалардың аясында өтеді», — деп Пушилин Зеленский мен Байденнің Ақ үйдегі суретін жариялап жазды.
ДХР басшысы Зеленскийдің Украина мен АҚШ арасындағы сапары барысында америкалық қарудың жаңа партияларын, соның ішінде Javelin («Джавелин») танкіге қарсы зымырандарын Киевке беруді қарастыратын әскери келісімге қол қойылғанын еске салды. Сонымен қатар, ДХР басшысы Зеленскийдің АҚШ-қа сапары Украинаның НАТО-ға кіруіне жол ашпады деді.
«Кездесу [Зелинский мен Байденнің кездесуі] «серіктестік» және Украинаның НАТО-ға қосылу перспективасы туралы. Украинаға жаңа қару-жарақ жеткізу туралы. Кезекті «Джавелина» туралы», — деп жазды Денис Пушилин. «Бейбітшілік орнату мәселесі Зеленскийдің ойына кіріп шыққан жоқ», — деп атап өтті ДХР басшысы.
Пушилин Зеленскийдің Вашингтонда Ресейдің «Солтүстік ағын — 2» газ құбыры құрылысын аяқтауға қарсы шараларға қол жеткізе алмағанын атап өтті, оның іске қосылуы Украинаға газ транзитінен түсетін табысты жоғалтуына әкеп соғады. ДХР басшысы Зеленский мен Байден келіссөздер барысында Украина америкалық сұйытылған газды сатып алуы туралы мәселе талқылануы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Сәрсенбі күні Ақ үйде Байден мен Зеленскийдің келіссөздері өтті. Тараптар АҚШ пен Украинаның стратегиялық әріптестігіне қатысты бірлескен мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде АҚШ тарапынан Украинаның түрлі салаларында қаржылай көмек көрсетілетіні айтылды. Сонымен қатар «Ресей агрессиясы» мен «Солтүстік ағын — 2» жобасына қарсы іс-қимыл мәселесі көтерілді.