ДДСҰ сарапшылары: “Африкада Эболаның өршуі аймақтық ауқымда қауіп төндіреді”

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшылары Конго Демократиялық Республикасы мен Гвинеяда Эбола безгегінің таралуы туралы деректерді зерттеді.

Ұйым аурудың өршуі аймақтық ауқымда қауіп төндіреді деп есептейді.

Женевада өткен брифингте ДДСҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан ұйымның Эболамен күрес жөніндегі іс-қимылды үйлестіру үшін өңірдің көптеген елдерінің билігімен байланысып, оларға қолдау көрсетуге тырысып жатқанын атап өтті.

«Гвинея, Сьерра-Леоне, Кот-д ‘Ивуар және басқа елдер жедел шаралар қабылдады. Бұл дұрыс шешім. Бізге шын мәнінде өңір билігінің басшылығымен үйлестірілген іс-шаралар қажет, өйткені бұл ауру аймақтық қауіп төндіреді. Қазір біздің іс-қимылымызды үйлестіру қажет. ДДСҰ жабдықтармен және мамандармен көмек көрсетуге дайын», — деп мәлімдеді Райан.

Естеріңізге сала кетейік, 14 ақпанда ДДСҰ Гвинеяда Эбола безгегі ауруының үш жағдайын растады, содан кейін елде эпидемия басталғанын жариялады. Осыған ұқсас төрт дерек Конгода да тіркелді.

Добавить комментарий