«Қазгидромет» 13 қарашада Қазақстанда ауа райы бұзылады деп ескертеді. 15 өңірде жауын-шашынды, көктайғақ, қатты жел соғады деп күтілуде.
Синоптиктердің болжамына сәйкес ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын, қар, көктайғақ күтіледі. Кейбір өңірлерде тұман басады деп күтілуде.
Ауа райы болжамы туралы толығырақ:
Ұлытау облысы: Түнде шығыста — көктайғақ болады, батыста және шығыста — тұман басады.
Қарағанды облысы: солтүстікте және орталықта көктайғақ болады, солтүстікте және батыста тұман басады.
Жамбыл облысы: оңтүстікте, таулы аудандар мен Таразда тұман басады; жел 15-20 м/с жыладмдықпен соғады.
Атырау облысы: жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Алматы облысы: Түнде тауда қар жауады, оңтүстікте тұман басады; желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысы: Күндіз — шаңды дауыл тұрады; батыста, оңтүстікте және орталықта жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Батыс Қазақстан облысы: Солтүстігінде және шығысында тұман басады; Орал қаласында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстікте және батыста тұман басады; Петропавлда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысы: Солтүстікте тұман басады. Ақмола облысы: Солтүстікте және батыста тұман басады.
Түркістан облысы: Оңтүстікте, батыста, таулы аудандарда және Түркістанда тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысы: Қатты жауын-шашын, көктайғақ және тұман басады деп күтілуде; 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Абай облысы: Солтүстікте тұман басады деп күтілуде; жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман басады; желдің екпіні 15 м/с жетеді.
Жетісу облысы: Таулы аудандарда — қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар); жел 15-20 м/с дейін жетеді.
Тұрғындарды сақ болуға шақырып, ауа райы болжамын қадағалауға шақырады.