Қашаған: Газдың шығуына байланысты мұнай өндіру тоқтатылды

Қашағанда газдың шығуына байлагысты мұнай өндіру тоқтатылды.

Оқиға «Болашақ» мұнай және газ дайындау қондырғысында болған.

3 тамызда Атырау облысында «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлады North Caspian Operating Company.

«Өндірістік учаске аумағында газдың шығуына байланысты қондырғыны кауіпсіз түрде тоқтатылды. Стандартты процедураға сәйкес, датчиктер іске қосылғаннан кейін алау жүйесіне қысым шығарылды», — деді компания.

Зардап шеккендер жоқ. Ауадағы ластаушы заттардың рұқсат етілген концентрациясы шекті нормадан аспағанф. Өндірісті қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Добавить комментарий