Дариға Назарбаева коронавирусқа қарсы қандай вакцина салдыратын айтты

ҚР Парламентінің депутаты Дариға Назарбаева коронавирустық инфекцияға қарсы қандай вакцина салдыратыны туралы шешім қабылдағанын айтты.

«Міндетті түрде салдырамын және сіздерге де кеңес беремін», — деді Назарбаева коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салдырасыз ба деген сұраққа жауап ретінде.

Сондай-ақ, парламентарий қандай вакцина салдыратыны туралы айтып берді.

«Әрине, «Спутник V» вакцинасымен, қазақстандық вакцина әлі тіркелген жоқ қой», — деп нақтылады Сенаттың экс-спикері.

Қазақстанда 1 ақпанда ресейлік «Спутник V» вакцинасымен жаппай вакцинациялау басталды. Осы ай ішінде ең үлкен жұқпалы аурулар ауруханалары мен коронавирус орталықтарының медицина қызметкерлері инъекция алады

Бұған дейін Қазақстан Президенті егер ол барлық клиникалық сынақтардан сәтті өтсе, отандық коронавирусқа қарсы вакцина егуге ниетті екенін айтқан болатын.

Добавить комментарий