Жекешелендірудің кешенді жоспарынан 200-ден астам стратегиялық нысан шығарылады

200-ден астам стратегиялық нысан стратегиялық объектілер санатына жататындықтан жекешелендіру жоспарынан шығарылады.

Қазақстандағы жекешелендіру жоспарынан 200-ден астам стратегиялық нысанды алып тастау жоспарлануда, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

«Комиссия отырысында жекешелендірудің кешенді жоспарынан халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін 205 объектіні алып тастау мәселесі талқыланды», — делінген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов сейсенбі күні өткізген экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысының қорытындысы бойынша хабарламада.

Сонымен қатар Комиссия ЖЖМ нарығын, газ саласын және өңірлік электр желілік компанияларды демонополизациялау шараларын қарады.

«Премьер-Министр осы бағыттарда жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерді пысықтауды тапсырды», — деп толықтырды министрлер кабинеті.

Добавить комментарий