2023 жылы қызметтік міндетін орындау барысында жарақат алған медицина қызметкерлерінің саны 80 адамға жетті. Аталған статистиканы премьер-министрдің бірінші орынбасары Тамара Дүйсенова депутаттық сауалға жауап ретінде жариялады. Жергілікті атқарушы органдар берген мәліметтерге сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында 158 медицина қызметкері жарақат алған.
«Біз жарақат алған дәрігерлердің саны артқанын көріп отырмыз, бұл шұғыл шаралар қабылдау қажет екенін көрсетеді. Денсаулық сақтау министрлігі Қылмыстық кодекске медициналық қызметкерлерге қатысты зорлық-зомбылық үшін неғұрлым қатаң жазалауға бағытталған түзетулер енгізуге бастамашылық жасады», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Дайындалған заңнамалық өзгерістер Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ІІМ, Денсаулық сақтау, Әділет, Қорғаныс министрлігі және ТЖМ өкілдерін қоса алғанда, Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобында талқылауға ұсынылды. Бұл өзгеріс елдегі медициналық қызметкерлер үшін қосымша қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жедел жәрдем бригадасына шабуылдардың артуына байланысты Тамара Дүйсенова қазіргі уақытта жедел медициналық жәрдем қызметі көліктерінің 98%-ы шұғыл жағдайларда бригадаларды үйлестіру мен қауіпсіздікті жақсарту үшін GPS-навигациясымен жабдықталғанын атап өтті.
Қаңтар айында Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісіне қатыгез шабуыл жасалған еді. Күдікткті Нұрболат Дәкебаев тұтқындалып, қамауда отыр. Қабылданып жатқан шаралар мен заңнамалық өзгерістер осындай оқыс оқиғалардың алдын алуға және күнделікті адам өмірін сақтап қалу үшін жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.