Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шымкентте екі тәулік бойы қар жауып, түрлі келеңсіз жағдайлар орын алуда.
«10 қаңтарда сағ. 11:28-де Қаратау ауданы, Нұрсат шағын ауданындағы №114 үйдің ауласында жалпы көлемі 252 ш.м. құрайтын екі бастырма құлап, 5 дана автокөлікті басып қалған», — делінген хабарламада.
Оқиға орнына Шымкент қалалық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің 7 қызметкері мен 2 техникасы авариялық-құтқару жұмыстарына жұмылдырылды.
Бұдан басқа, 10 қаңтар күні сағат 11:26-де Тұран ауданы Сәуле шағын ауданында Апаттан құтқару жұмыстарына өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстарының 12 құтқарушысы 4 бірлік техниканың көмегімен қарға тығылып қалған DAF жүк көлігін шығарды. Сонымен қатар, Құрсай ықшамауданында әріптестері №60 бағыттағы қалалық автобусы қарға тығылып алды. Көлікті қардан алып шығуға 12 қызметкер мен 4 техника бірлігі тартылды
Бақытымызға орай, барлық жағдайда зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
.