Дәрігердің өлімі: ҚР Денсаулық сақтау министрі марқұмның отбасына көңіл айтты

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы гастроэнтеролог-дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты пікір білдірді.

Ажар Гиният марқұм дәрігер гастроэнторологияның дамуына зор үлес қосқан және жүздеген пациенттің өмірін сақтап қалғанын атап өтті.

Министр Алматыда дәрігер Юрий Шумковтың отбасына көңіл айтты.

«Қазақстанның медицина жұртшылығы Алматы қаласындағы Гастроэнтерология институтында көп жылдар бойы қызмет атқарған белгілі гастроэнтеролог — дәрігер Юрий Петрович Шумковтың өлтірілгені туралы хабарды естіп қатты алаңдауда. Жеке өз атымнан және Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан қайғылы қазаға ұшыраған дәрігердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл оқиға республиканың денсаулық сақтау саласы үшін жантүршігерлік аса ауыр қайғы болып отыр, бейбіт уақытта дәрігерлерге жауыздық танытқан, өз іс-әрекеттеріне жауап бермейтін адамның қолынан қаза тапты», — деп жазды Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Facebook-тегі парақшасында.

Ажар Гиният отандық медицина гастроэнтерологияның дамуына зор үлес қосқан, жүздеген пациентті жоғары медициналық білімінің арқасында емдеп, өмірін сақтап қалған аса білікті маманынан айырылғанын айтты.

«Үш бала жетім қалған, ал қарт ата-анасы ұлынан айырылған қаза тапқан дәрігердің отбасы үшін қайғылы оқиғаның аса ауыр екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Біз қылмыстың жан-жақты тергелуіне, сондай-ақ орын алған қайғылы оқиғаға кінәлілерді заңның барлық қатаң талаптары бойынша жазалайды деп сенімдіміз», — деп жазды министр.

Добавить комментарий