Саратовта қазақстандық курсант өзіне қол жұмсады

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Саратовта оқып жүрген қазақстандық курсант өзіне қол жұмсағанын айтып, оның отбасына көңіл айтты.

Атап айтқанда, 19 ақпанда Ресей Федерациясы Ұлттық ұланы әскерлерінің Саратов әскери институтында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшісі, 3 курс курсанты қаза тапты.

Ол 2020 жылы «Арыстан» мамандандырылған лицейін бітіргеннен кейін іріктеуден өтіп, «Ұлттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша оқу үшін Ресей Федерациясы Ұлттық ұлан әскерлерінің Әскери институтына жіберілген болатын.

ҚР Ұлттық ұлан академиясының қолбасшылығы әскери қызметшінің қаза болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Добавить комментарий