Челябі облысында балалар жаппай уланды: тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Құқық қорғау органдары Ресейдің Челябі облысы Миасс қаласының маңындағы «Еланчик» сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалардың улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы 4 тамызда облыс прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, 2 тамызда балалар сауықтыру лагерінің медициналық пунктіне кәмелетке толмағандар өздерін нашар сезінетінін айтып шағымданған. Миасс прокуроры Алексей Путилов бұл жайтты анықтау мақсатында дереу оқиға орнына барды, деп хабарлады прокуратура.

«Лагерьде 8-17 жас аралығындағы 30-дан астам бала уланды», — деп хабарлады РФ.1 Тергеу комитеті.

Ресей ТК басшысы Александр Бастрыкин оқиғаның мән-жайын жан-жақты зерттеп, қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауды талап етті, деп хабарлады ведомство.

 

Добавить комментарий