Чехия Әділет министрлігінің басшысы Мария Бенешова тергеу жұмыстары Врбетицадағы оқ-дәрі қоймаларында болған жарылыстардың себептері туралы бірнеше нұсқаны қарастырып жатқанын айтты, бірақ оларды атаудан бас тартты.
Чехияның novinky желілік басылымына берген сұхбатында ол 2014 жылы Чехияның шығысындағы ауылда орналасқан екі қоймада болған жарылысқа оқ-дәрілерді өздігінен жарылуы мен шетелдік арнайы қызметтердің қайғылы оқиғаға қатысы бар деген нұсқадан бөлек, басқа да нұсқалар бар екенін мәлімдеді.
Менің пікірім Ақпарат және қауіпсіздік қызметінің [қарсы барлаудың] баяндамасы бізге ұсынылғаннан кейін [Чехия Республикасының Президенті Милош Земанның] пікірімен бірдей болды
Бенешова қандай нұсқа туралы айтып отырғанын нақтылаудан бас тартты. «Қандай? Мен бұл туралы осы жерде айта алмаймын. Мән-жайын осы жерде айтуға болмайды. Осының барлығы үкімет отырысы кезінде жазылған жазбада [тіркелді]», — деді министр.
26 сәуір күні Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш Чехиядағы тергеу Врбетицадағы оқиғаның бір ғана себебін — шетелдік арнайы қызметтің диверсиясын қарастыратынын мәлімдеді. Бұған дейін Земан шетелдік барлау қызметінің араласуынан бөлек тергеу жұмыстары қоймадағы оқ-дәрілерді қолдана білмегендіктен жарылуы мүмкін деген нұсқаны қарастыратынын мәлімдеген болатын. Ол оқиғаға қатысты жанжалдың өршуі нәтижесінде арнайы қызметтің ойыны болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.