Парижде зейнетақы реформасына қарсы наразылық шарасы кезінде «Ротонда» мейрамханасына шабуыл жасалды. Құқық бұзушылар витриналарды сындырып, көшедегі веранданың күнқағарын жағып жіберген.
Наразылық білдірушілер полицейлерге бөтелкелер мен петардалар лақтырды.
Анықтама! «Ротонда» Парижде өткен ғасырдың 20-шы жылдарында суретшілер, жазушылар мен композиторлардың басын қосқан атақты орын.
Франция президенті Эмманюэль Макрон бұл мейрамханаға 2017 жылы сайлауалды науқан кезінде болған.
Зейнетақы реформасында қарастырылған зейнетке шығу жасын көтеруге қарсы шерулер бүкіл Франция бойынша ереуілдер мен наразылыққа ұласты.