Кең ауқымды Ресей-Украина соғысы басталғалы ресейліктердің көпшілігі, тіпті Ресей үкіметінің өкілдері Украина Ресейдің соғыс жүргізу әдістерін қолданатын болса, өз елі қандай жағдайда болатынын ойламаған болар.
Былтыр күзде және қыста Ресей Федерациясы Украинаның энергетикалық инфрақұрылымын жойып, тұрғын үйлерді, балабақшаларды, мектептерді, ауруханаларды және т.б. қиратпақ болып зымыран шабуылын жасағаны баршаға мәлім. Британдық барлау қызметінің мәліметі бойынша, Ресей қыста Украинаның маңызды энергетикалық инфрақұрылымына жаппай зымыран шабуылын жасау үшін қанатты зымыран қорын толықтырды.
Ресей үкіметі Украина Қарулы Күштері ресейлік лаңкестік шабуылдарға дәл солай жауап береді деп күтпеген секілді. Иә, Украинада алыс қашықтыққа ұшатын зымырандары жоқ, ал батыстық серіктестер берген зымырандарды келісімге сәйкес Ресей аумағына шабуыл жасау үшін пайдалануға болмайды. «Бірақ Украинаның РФ аумағындағы кез келген азаматтық нысандарға, кем дегенде соғыс алаңы маңындағы қалаларға (сауда орталықтары, дүкендер, ауруханалар және т.б.) еш қиындықсыө зақым келтіре алатын ұшықшсыз басқарылатын ұшақтары бар», — деп жазады полмитологтар.
Цифрлық трансформация министрі Михаил Федоров қазір Украинада 200-ге жуық компания ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығаратынын мәлімдеді. Украина қазіргі уақытта ресейлік энергетикалық жүйені істен шығара алмайды, бірақ соққы беретін дрондардың көмегімен бейбіт ресейліктерге лаңкестік шабуыл жасауға және өлтіруге қабілетті.
«Ресейліктер соғыс болып жатқанына қарамастан бейқам өмір сүріп жатқаны Владимир Путиннің еңбегі емес. Путин үшін де, ресейліктер үшін де Украина Ресей секілді аяусыз және лаңкестік әдістерді қолданбайды. Егер УҚК Ресей аумағына соққы беретін болса, онда әскери объектілерге ғана шабуыл жасайтын еді.
Украинаның РФ аумағындағы азаматтық нысандарға шабуыл жасамай отырғаны РФ президенті ел әскерін көрші ел аумағынан шығаратын болса соғыс қимылдары аяқталатынын көрсетеді, — деп жазады саясаттанушылар. Кремль насихатшылары жиырма айдан астам уақыт бойы жарыса мәлімдеп жатқанына қарамастан, Украина мен Батыс елдері Ресейге шабуыл жасауға ниетті емес».
Олардың пікірінше, Украина аумағына жүріп жатқан соғыс қимылдары барысында біреулердің ұлы, күйеуі, әкесі қырылып жатқанына Путин «кінәлі». «Ресей президенті бастаған соғыс қимылдары салдарынан еңбек жасындағы жас ер азаматтар жер жастанып жатыр. Айта кету керек, еңбекке қабілетті жас ер азаматтар кез келген мемлекет үшін ең құнды активтердің бірі. Украина тарапының мәліметтеріне сәйкес, Ресей соғыста 320 000-нан астам адамынан айырылды. Батыс дереккөздері адам шығыны 190 мыңға (қаза тапқандар мен ауыр жарақат алғандар) жетер-жетпес деп отыр», — деп хабарлайды сарапшылар.