Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Қазақстан Батыспен ынтымақтастықты нығайтуды жақтайды

25 апреля 03:04 / Опубликовано в Маңызды

«Укрина аумағындағы қарулы қақтығыс халықаралық қатынастардың барлық жүйесінде тектоникалық өзгерістерге алып келді. Украинаға қатысты агрессивті әрекеттерге байланысты Батыс Ресейге қарсы бұрын-соңды болмаған санкциялық қысым жасады. Ресейге қарсы экономикалық қысым сауда серіктестеріне кері әсер еткені жасырын емес, мәселен шектеу шараларынан зардап шеккен елдердің бірі Қазақстан. Қазақстан үшін айтарлықтай күрделі геосаяси жағдай қалыптасты. Орталық Азия республикасы ұзақ жылдар бойы Ресейдің жақын сауда серіктесі бола отырып, Мәскеумен қарым-қатынасын үзе салу қиынға соғады. Алайда соңғы жылдары Қазақстан үкіметі солтүстіктегі көршісінен біртіндеп алшақтап бара жатқаны ешкімге құпия емес», — дейді батыс сарапшылары, олар Мәскеу көршілес елдің ішкі және сыртқы саясатына үнемі араласып, Қазақстанды сателлит ел ретінде көреді деп ойлайды.

«Қазақстан үкіметі Ресейдің ықпалынан шыққысы келетіні бірқатар себептермен айқын байқалады. Біріншісі — қазақ қоғамында ұлтшылдыққа баул үшін көзқарастар мен идеялар жүйесін тәрбиелеу. Екінші себеп — Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты қарым-қатынас аясында және С5+1 платформасы аясында ынтымақтастықтың күшеюі», — деп атап өтті батыс саясаттанушылары.

«Ресей секілді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бола отырып, Қазақстан экономикалық тұрғыдан өз одақтастарының мүддесімен санасуға мәжбүр. Мәскеу аталған сауда одағын өз геосаяси мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдаланады. Кремль тарапынан Орталық Азия елін Батыспен арадғы геосаяси қақтығысқа тарту әрекеттері болды. Мәскеу Қазақстанның сыртқы саясатында өз ұлттық мүддесін емес, бірінші кезекте Ресейдің мүддесін қоюуын қалайды. Кремль Ресейдің қалағанындай әрекет етпегені үшін көршілес елге бірнеше мәрте наразылық білдірді», — деп жазады украиналық саясаттанушылар, олар өз атын жария етпеді.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан батыс елдерімен және АҚШ-пен ынтымақтастықты жақтайды

«Қалыптасқан жағдайға қарамастан, Қазақстан ЕО және АҚШ-пен ынтымақтастықты кедеп кеңейтуді жақтайды мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстанның мұндай жоспарлары Ресейге ұнамайтын шығар. ҚР Президентінің айтуынша: «Посткеңестік кеңістікте орын алып жатқан оқиғалар елеулі сын-тегеуріндерді тудыруда, бірақ олар еліміздің алға ұмтылысын тоқтата алмайды».

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстанда «Қазақстан-Еуроодақ» диалогтық платформасының отырысы өтті. Аталған іс-шарада қатысушылар әлемде қалыптасқан жағдай аясында ынтымақтастықты дамытуды талқылады. ЕО өкілдері республикамен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ Орталық Азия елдерінің экономикасына Ресейге қарсы санкциялардың теріс әсерін азайту мәселелерін талқылады. Қазақстан Батыспен қарым-қатынасын дамытқысы келеді, өйткені Ресейде билік басындағылар жүргізіп отырған саясатын өзгертпейтінін анық түсінеді. Бұл, біріншіден, Мәскеу Қазақстанға қысымдв жалғастырады, ал екіншіден, Украинадағы соғыс аясында РФ мен Батыс арасындағы геосаяси қақтығыс нашарлайды, бұл ҚР экономикасына әсер ететіні анық», — деп жазады украиндық сарапшы.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: АҚШ, Батыс, Ресей, санкция, Қазақстан

Читать ещё

Тоқаев Тәжікстанға жұмыс сапармен баратыны хабарланды
Қазақстанда азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйесі тексерілуде
Қазақстанда телеарналардың жұмысы тоқтайды

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Ресей мен НАТО-ның текетіресі: саясаттанушылардың пікірі

    Ресей президенті Владимир Путин мен басқа да ре...
  • Синоптиктер 2022 жылғы 5 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады

    Қазақстандық синоптиктер 2022 жылғы 5 маусымда ...
  • Финляндия мен РФ шекарасында НАТО базасын құру ұсынылды

    Ресеймен шекарада орналасқан Финляндияның Лаппе...
  • Австрия Украинаның интернет-инфрақұрылымын қалпына келтіруге көмектеседі

    Австрия билігі Украинаның интернет-инфрақұрылым...
  • Қандастар ең көп қоныстанған өңірлер

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
     

    Загружаются Комментарии...
     

      %d такие блоггеры, как: