Британияның барлау қызметі РФ-ның әскери жоспарлары туралы хабарлады

Британдық барлау қызметінің пікірінше, ресейлік әскерилер Углегорскідегі электр станциясы мен басқа да инфрақұрылымды басып алу үшін бар күш-жігерін салуды жоспарлап отыр.

Олардың мәліметінше, ресейлік әскерилердің күштері Краматорск пен Славянск бағытына бағытталады.

Ресейлік әскерилер Украинадағы инфрақұрылымды, атап айтқанда электр станцияларын басып алуға басымдық беруде. Бұл туралы Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Twitter-де хабарлады.

«Ресей электр станциялары сияқты маңызды ұлттық инфрақұрылымды басып алуға басымдық береді», — делінген хабарламада.

Әскери ведомстводағылар мәлімдегендей, РФ қарулы күштері Донбастағы майдан сызығы бойында «кішігірім шабуылдар» жасап жатыр.

Бұдан бөлек, барлаушылар РФ ҚК Донецк қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым қашықтықта орналасқан Украинаның Угегорск қаласындағы екінші электр станциясына жақындады деп болжап отыр.

«Ресей күштері Краматорск пен Славянскінің негізгі қалалары бағытындағы өз шабуылының оңтүстік учаскесіндегі қарқынын қалпына келтіру бойынша өз күш-жігерлерінің аясында Углегорскіге өтуге тырысуы мүмкін», — деп атап өтті ведомстводан.

Добавить комментарий