Британиялық мұғалім соттылығына байланысты қызметінен босатылды

Назарбаев зияткерлік мектебінде сабақ беретін мұғалімнің соттылығына байланысты жанжалдан кейін қызметінен босатылды.

Информатика пәнінің мұғалімі Ли Эшфорд өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазды, деп хабарлады НЗМ баспасөз қызметі.

Күні кеше «Не молчи.kz» қоғамдық қоры Ли Эшфорд 2017 жылы Кардиффте бұрынғы әйеліне ауыр дене жарақатын салғаны үшін сотталған және Ұлыбритания аумағында сабақ беруден шеттеілгені туралы ақпаратты жариялады.

«Кеше мұғалім өз еркімен жұмыстан кетті. Қосымша ақпарат жоқ, себебі НЗМ өз ішінде қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Біз бұған өз тарапымыздан мүдделіміз. Қажет болса, полицияны да іске қосамыз», — деп хабарлады мектептің баспасөз қызметі.

Ли Эшфорд – шетелдік мұғалім, Ұлыбритания азаматы, 2018 жылдан бастап Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде, 2021 жылдан бастап Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде информатика пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді.

НЗМ Эшфорд зияткерлік мектепке жұмысқа орналасу барысында соттылығының жоқтығы туралы анықтама ұсынып, құжат негізінде жұмысқа қабылдағанын хабарлады.

Добавить комментарий