Британия СІМ басшысы РФ-ның ұрыс қимылдарын тоқтатуына қатысты пікір білдірді

Британия Сыртқы істер министрі Путиннің Рождество кезінде 36 сағаттық атысты тоқтату туралы бұйрығына қатысты мәлімдеме жасады.

«Ресейлік шабуылдарды 36 сағатқа тоқтату бейбітшілік әкелмейді. Ресей өз әскерлерін Украина аумағынан мәңгі шығарып, басып алған жерлерді қайтарып, жазықсыз бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауды тоқтатуы тиіс», — деп жазды Джеймс Клеверли өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін АҚШ Президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путин Рождество кезінде атысты тоқтату туралы бұйрығына күмән келтірген.

Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербок Путиннің Рождество кезінде атысты тоқтату туралы шешімі оның соғысты аяқтағысы келетінін білдірмейтінін мәлімдеді.

Добавить комментарий