
Танымал қазақстандық әнші және боксшы, “Дарын” сыйлығының лауреаты Ибрагим Ескендір кеше Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді. Ол тілшімен телефон арқылы сөйлесу барысында жаңа сайланған депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.
“Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді жалмады. Экономикалық мәселелер, білім беру және халықтың әлеуметтік әл-ауқаты мәселелері де біздің елімізге әсерін тигізді. Жаңа сайланатын депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктелетін болады. Жаңа орынға елдің жанын түсінетін және ұлтжанды азаматтар келеді деп үміттемін”, – деді Ибрагим Ескендір.
Оның айтуынша, халық дауыс беруде белсенділік танытты.
“Әлеуметтік желілерде халықтың сайлауда белсенді дауыс бергенін байқадым. Азаматтар өз таңдауларын жасауға барғандарын айтты. Әрбір азамат үшін өз құқықтарын білу дұрыс деп ойлаймын. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз болсын. Еліміздің болашағы жарқын болсын”, – деді белгілі спортшы және әнші Ибрагим Ескендір.