Елдің федералдық соты Бразилия президенті Жаир Болсонарудың БАҚ қызметкері ақпарат алу үшін жыныстық қатынасқа түсуді ұсынды деп айтқан сөздерін қорлау сипатына ие деп және журналист Патрисия Кампос Меллоның ар-намысына нұқсан келтірді деп мәлімдеді.
Былтыр Болсонару журналист Патрисия Кампос Меллоға қатысты сексистік мәлімдеме (репортер жағымсыз ақпарат алу үшін дереккөзге жыныстық қатынасқа түсуді ұсынды деп пайымдаған — мыс. автор) жасады.
Бразилия президентіне келтірілген зиян үшін 20 мың реал (1,4 миллион теңге) өтемақы төлеуге міндеттелді. Ол сот шешіміне шағымдана алады.
«Сан-Паулу орталық азаматтық форумының он тоғызыншы сотының бірінші сатыдағы судьялары Ина де Лемос пен Силва Мачадо ультра оңшыл президентті 20 мың реалды (3500 доллар) төлеуге үкім шығарды», — делінген хабарламада.
Кампос Мелло өзінің Twitter парақшасында судьяның шешімі барлық әйелдердің жеңіс екенін айтты.
БАҚ-тың айтуынша, Болсонару журналистер өкілдеріне қатысты дұшпандығымен танылған. Бұған дейін ол жағымсыз сұрақ қойғаны үшін журналистпен төбелесіп қала жаздады.