Бот арқылы қолдау: Қазақстандық жасөспірімдер Telegram-бот арқылы репродуктивтік сұрақтарға жауап алады

Қазақстандық жасөспірімдер енді Saulyq life деп аталатын Telegram-бот арқылы репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша психологтар мен дәрігерлерден анонимді түрде консультация алады. Жобаны «Жастар денсаулығын сақтау» республикалық жастар қозғалысы» бастамасы аясында қоғам өкілдері әзірледі және Астанада жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтауды мақсат етеді.

Анонимді Saulyq life деп аталатын Telegram-ботында жастар психологтар мен медицина мамандарынан тегін консультация алады. 24/7 режимінде сұрақ қойса болады және команда бір тәулік ішінде жауап береді. Пайдаланушылар алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтері, жастар денсаулық орталықтары және басқа да әлеуметтік қызметтер жанынан жұмыс істейтін сенім кабинеттеріне жіберілуі мүмкін. Мамыр айында іске қосылған сәттен бастап, бот жастардың түрлі мәселелер бойынша 24 өтінішін қабылдады.

Telegram-боттан бөлек, жобаны ұйымдастырушылар репродуктивті денсаулық туралы материалдарды үнемі жариялап отыратын Saulyq-life.kz оқыту платформасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл жасөспірімдерге денсаулық жайлы пайдалы ақпарат алуға және репродуктивті саланың түрлі аспектілері туралы хабардар болуға мүмкіндік береді.

«Жастар денсаулығы» республикалық қозғалысы» жобасын жүзеге асыру ағымдағы жылдың мамыр айында басталды және 2025 жылдың соңына дейін жалғасады. Оған қатысушылар Telegram-бот және білім беру платформасы жастарға анонимді консультация алып, репродуктивті денсаулық жайлы сұрақтарға жауап алуға көмектеседі деп үміттенеді.

Добавить комментарий