Боготада 6 полиция қызметкері зардап шекті

Алдын ала мәліметтер бойынша, Боготада өткен наразылық шаралары кезінде алты полиция қызметкері зардап шекті.

«Алты полиция қызметкері жарақат алды, оларды ауруханаға жатқызуға тура келді», — деп жазады елордалық басылым Богота полициясының қолбасшысы Элиесер Камачоның сөзін келтіріп.

Сәрсенбі күні Колумбия астанасында тәртіпсіздіктер орын алды. Вандализм үшін 13 адам ұсталды.

28 сәуірде Колумбияда салық реформасына қарсы демонстрациялар басталған. Богота, Кали, Медельина және басқа да қалаларында наразылық шаралары тәртіпсіктерге ұласты. Кейінірек үкімет реформаға өзгерістер енгізуге келісті, қаржы министрі отставкаға кетті, алайда манифестация жалғасты. 2,3 мыңнан астам адам зардап шекті, кемінде 50 адам қаза тапты.

Добавить комментарий